Қой малының атаулары
Salt-dástúrJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Арамза - қыста туған қозы. Көбдік - тоқты болған арамза. Көрпеш немесе көрпей - мезгілінен кешірек туған қозы. Марқа - жарты жастағы қозы. Тоқты - бір жасқа толғаны. Ісек - екі жасқа толған еркегі. Тұсақ - екі жасқа дейінгі қоздамаған ұрғашысы. Саулық - қоздаған қой. Ту қой - қоздамаған қой. Қошқар - тұқымдыққа жіберілген еркек қой.
Дереккөздер
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999