Қиясайирек
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қиясайирек, Қиясанирек – Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігіндегі үстіртті кемер.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде.
Жер бедері
Кендірліқиясай үстірті мен Қарынжарық құмды алқабы аралығында 65 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 140 м, салыстырмалы биіктігі 80 – 100 м. Үстіртті кемер неогеннің құмды саздары мен әктастарынан түзілген. Қарынжарық құмына қараған етегінде тұзды жер асты суы шығып жатады. Бірнеше құдық (Қарынжарық, Қарабарақ, т.б.) және Құрмашбұлақ бұлағы бар.
Өсімдігі

Бетінде баялыш, бұйырғын мен жусан өседі.