Shejire

Қазатлық

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қазатлық, Азатлықтөбе (VIII-XI ғғ.) – ортағасырлық қалашық, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түлкібас ауданы Азаттық ауылының шығыс шетінде, Арыс өзеніне Құлан өзенінің құяр тұсында орналасқан.

Сипаты

Қазатлықты 1940 жылы Жамбыл археологы бекетінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қала Құдама ибн Жафардың “Китаб Әл-Харадж Уә Санат Әл-Китаба” шығармасындағы Бадухкет қаласы деген пікір бар. Трапеция тәрізді биіктігі 56 м, диаметрі 30-40 м төбе қаланың орталық бөлігін алып жатыр. Ол биіктігі 0,75 м және диаметрі 70-80 м төбешік-алаңқаймен қоршалған. Батыс жағынан биіктігі 2,5-3 м, диаметрі 50-70 м төбешік жалғасады. Теріліп алынған қыш ыдыстар қолдан немесе шарықта жасалған. Ангобты өрнекті ыдыстар аз табылған. Сырланбаған ыдыстар басым. Сырлы ыдыстар мерзімі жағынан Қарахан әулеті заманына жатады. Табылған құмыра, көзе, тостаған, саптаяқ, т.б. бұйымдарға қарағанда Қазатлық қалашығын мекендеген тайпалар VIII-XI ғасырларда өмір сүріп, мал шарушылығымен және егіншілікпен айналысқан.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Málimetter

Қалануы
VIII-XI ғасырлар
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°32′59″ с. е. 70°17′53″ ш. б. / 42.54972° с. е. 70.29806° ш. б. / 42.54972; 70.29806 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…