Shejire

Қазақстан 2050

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012-ші жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бағдарламаның қарастыратын істері

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Дереккөздер