Shejire

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1967)

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

1967 жылғы 12 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.

Жетекшілігі

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Мәсімхан Бейсебайұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Артем Мисакович Вартанян. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Балжан Бөлтірікқызы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Иванович Зорин. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мұстақым Біләлұлы Ықсанов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Қамалбай Кетебайұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов.

Министрлер

Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Қали Біләлов. Қазақ КСР Геология министрі — Ахметжан Сәлімбаев. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Николай Осипович Сеньков. Қазақ КСР Мәдениет министрі — Ілияс Омаров. Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов. Қазақ КСР Орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Михаил Валентинович Никифоров. Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Сұлтан Момынұлы Сәрсембаев. Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Иван Николаевич Хохлов. Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Юрий Андреевич Кроха. Қазақ КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі — Шырақбек Қабылбайұлы. Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Анатолий Павлович Шеффер. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Беркімбай Пәрімбетов. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Кенжәлі Айманов. Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев. Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Михаил Иванович Ильин. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец. Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Эдуард Иосифович Оржеховский. Қазақ КСР Сауда министрі — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев. Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким. Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Вениамин Григорьевич Береза. Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Николай Яковлевич Фомичев. Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фаддеевич Кононенко. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Петр Семенович Наумецкий. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова. Қазақ КСР Нан өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі — Еркін Нұржанұлы Әуелбеков.

Төрағалар

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Стюарт Артемович Хачатурян. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы — Сейітқали Жақыпов. Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Георгий Алексеевич Козлов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Сейітәлі Еренов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Георгий Степанович Евдокименко.

Бастықтар

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы — Виктор Евгеньевич Рогозов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Натан Хаимович Забежанский. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Тас жолдары бас басқармасының бастығы — Леонид Борисович Гончаров. Қазақ КСР Көмір өнеркәсібі басқармасының бастығы — Петр Михайлович Трухин. Қазақ КСР Химия өнеркәсібі басқармасының бастығы — Андрей Макарович Алешин. Қазақ КСР мұнай өндіруші кәсіпорындар қауымдастығының басшысы — Сафи Өтебайұлы Өтебаев. Қазақ КСР қара металлургия кәсіпорындары бірлестігінің басшысы — Григорий Иванович Ермолаев.

Дереккөздер