Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1963)
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
1963 жылғы 21 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
Жетекшілігі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Мәсімхан Бейсебайұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Стюарт Артемович Хачатуров. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Әди Шәріпов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің партиялы-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы — Георгий Алексеевич Козлов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Борис Федорович Братченко. Қазақ халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы — Юрий Петрович Вороненков.
Министрлер
Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Қали Біләлов. Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрі — Шаһмардан Есенұлы. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Николай Осипович Сеньков. Қазақ КСР Мәдениет министрі — Ләйла Ғалиқызы Ғалымжанова. Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Әбдірахым Еламанов. Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким. Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Николай Фомич Рудницкий. Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Талап Уәшұлы. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фаддеевич Кононенко. Қазақ КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі — Дмитрий Александрович Панков. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Кенжәлі Айманов. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы. Қазақ КСР Құрылыс министрі — Александр Васильевич Курганов. Қазақ КСР Сауда министрі — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР министрі — Михаил Георгиевич Рогинец.
Төрағалар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Борис Михайлович Веселовский. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Әубәкір Әбдірайымұлы Арыстанбеков. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Абдулла Менгазович Сиразутдинов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Радиохабар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Кенжеболат Нұртазаұлы Шалабаев.
Басшылар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы кәсіптік-техникалық білім беру бас басқармасының бастығы — Иван Ильич Афонов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Орман шаруашылығы және орман қорғау бас басқармасының бастығы — Сейітқали Жақыпов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы тас жолдары Бас басқармасының бастығы — Леонид Борисович Гончаров. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Ариадна Леонидовна Часовникова. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Натан Хаимович Забежанский.