Shejire

Қарнақ

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қарнақ – орта ғасырдан белгілі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Кентау қалалық әкімдігіне қарасты Қарнақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.

Зерттелуі

Қала орнын 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1986 жылы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының экспедедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Археологтар Г.И. Пацевич, Е.И. Агеева Қарнақты Шагилджан, Ишкент аталды деп жорамалдайды (Ишкент орналасқан Қаратаудың бөктері X ғасырда қимақтардың мекені болған). А.Н. Бернштамның жүргізген зерттеуі Қарнақтың Әмір Темір әулеті тұсында (XIII-XV ғасырлар) салынғанын анықтаған.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қазіргі орны төртбұрыштанып келген топырақ дуалмен қоршалған, іргелері: солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 м және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай 150 м, биіктігі 1-1,5 м. Ішкі солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 6 м төбе түріндегі қамалдың пішіні байқалады, оның табанының көлемі 60x70 м, кіре беріс қақпасы оңтүстік-батыс іргесінің орта шенінде. Қарнақ — қазақ хандықтары дәуірінде (XV-XVIII ғасырлар) маңызды рөл атқарған қалалардың бірі. Онда ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балқыту, оқ-дәрі жасау кәсібі дамыған. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалған атақты Тайқазан XIV ғасырда Қарнақта құйылған. Ресей патшалығының Қазақ хандығына жіберген елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин қазақтардың оқ-дәрілік қорғасынды Қарнақ қаласында балқытқанын атап көрсетеді. Қарнақта медресе болған. Медреселерде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Молда Мұса Байзақұлы, т.б. болған.

Дереккөздер

Málimetter

Қалануы
ХІІІ-ХVIII ғасырлар
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°30′26″ с. е. 68°20′42″ ш. б. / 43.50722° с. е. 68.34500° ш. б. / 43.50722; 68.34500 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…