Shejire

Қаратай Нұралыұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қаратай Нұралыұлы (1772 8.7.1826, қаз. Сырым ауданы, ІІІідерті ө-нің бойы) - Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы, Кіші жүздің Батыс бөлігінің (қаз. Батыс Қазақстан, Атырау облысытары) алғашқы билеуші-сұлтаны (1824-26), 12 ата Байұлы тайпа бірлестігінің билеушісі.

Өмірбаяны

Нұралы ханның 1771 ж. Еділ қалмақтарын талқандағанда қолға түскен күңі - Рыс деген тоқалынан туған. Жасынан Кіші жүздегі тарихи оқиғаларға белсене араласқан.

1797 ж. тамызда Айшуақпен хандыққа таласқан. Бірақ патша үкіметі Қаратайдың беделінен қауіптеніп, нәтижесінде Айшуақ, кейін оның баласы Жантөре хан сайланды. Есім хан өлгеннен кейін Қаратай төңірегіне топтасқан бисұлтандар қолдауымен 19 ғасырдыңдың соңы мен 20 ғасырдыңдың басында хандық билікті қолға алуды, қазақтың Ресей ықпалынан шығуын көздеген қимылдар жүргізді. Есім ханды өлтіргені үшін Сырым Датұлымен өштесті, Кіші жүзде Бекейдің хан болуын жақтады. Оны Жетірудың беделді билері қолдады. Өзінің жігерлі қимылдарымен Айшуақтың және оның төңірегінде топтасқан Әбілқайыр тұқымдарымен күрескен. Хиуа хандығымен іргелес аудандарда кешіп қонып жүрген. Орынбор губернаторы О. Игельстром Қаратайды тұтқындау үшін бірнеше жазалау экспедицияларын ұйымдастырды. Тиіп-қашу едісін ұтымды пайдаланған Қаратай әрдайым құтылып кетіп отырды. 1806 ж. Жантөренің хан сайлануын құптамай, қол жинап Орынбор түбіне келді. Губернатор Г.С.Волконскийдің ықпалымен Жантөре екеуі уақытша мемілеге келіп, татуласты. Алайда іс жүзінде Жантөрені хан танудан бастартқан Қаратай күресін бұрынғыдан да үдетті. Сол жылы оны қолдаған рулар губернатордың келісімінсіз Қаратайды хан көтерді. Орман және Бекей сұлтандарымен бірігіп, Жантөрені хандықтан тайдыруды ойластырды. 1809 ж. 2 қарашада Қаратай жене Орман сұлтан бас болған топ бейқам жатқан Жантөре ауылын шауып, оны елтірді. Қаратай қозғалысына қарсы қырға жазалау отряды шықты. Бұл ұлт-азаттық кетеріліс 1806-16/17 ж. — 10-11 жыл бойы жүрді. Орынбор әкімшілігіне талаптар қойды. Көтібар батырмен одақтасты. Келіссөз нәтижесінде одан кейінгі жылдары қарсылықты тоқтатып, Кіші жүздегі қақтығыстарды реттеу, толқуларды басу ісінде Ресей үкіметіне қызмет етті, қаталдығымен кезге түсті. Хандық билік жойылып бара жатқанын сезіп, Ішкі ордада хан тағына отырған Жәңгірдің Кіші жүзді басқаруын сұрап, 1824 ж. Орынбор әкімшілігіне 66 сұлтан, старшын, би қол қойған хат жолдады. Қаратайдай саясаткер, қайратты тұлғаның беделін пайдалану үшін, 1824 ж. тамызда Орынбор губернаторы П.К.Эссен оны Кіші жүздің Батыс бөлігінің әкім-сұлтан етіп тағайындады. 1825 ж. күзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған табын руының көтерілісін басуға тікелей атсалысты. Сол қимылдары үшін Ресей үкіметі тарапынан алтын медальмен марапатталған. Қаратай — ұлтымыздың тарихында, орыс-қазақ қарым-қатынасында қайшылығы мол тұлға. Қаратай сұлтан әулетінен тараған белгілі саяси, мәдениет қайраткерлер көп. Бақытжан Қаратаев, Әлікей Бесәліулы, Мұхит Мершіулы, Қамбар Медетов, Шахзада, Мұхит, Шынтас, Шайхы Қаратаевтар, Лұқпан, Ғұбайдолла Мұхитовтар — Қаратайдың тікелей ұрпақтары.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Қаратай Нұралыұлы
Діні
Ислам
Әкесі
Нұралы хан
Ізашары
Бірінші болып тағайындалды
Ізбасары
Шыңғали сұлтан
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1826 (1826) Ресей империясы
Дүниеге келуі
1772 (1772) Қазақ хандығы