Қақпатас
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қақпатас қалашығы – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Қордай ауданы Қақпатас ауылының батыс жағында орналасқан.
Зерттелуі, сипаты
Қалашықты 1989 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетешісі М. Елеуов) ашып, зерттеген. Қазіргі орны батыстан шығысқа қарай созылған, аумағы 130x60 м, биіктігі 3,5 м төбешік. Зерттеу барысында құм, құмыра, көзе, т.б. сырланбаған қыш ыдыстар жинастырылды. Олар Қакпатасты адамдар X-XII ғасырларда мекендегенін дәлелдейді. Қакпатас тұрғындары егін егумен, мал шаруашылығымен айналысқан.
Дереккөздер
