Shejire

Қабдиев Дүйсенхан

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дүйсенхан Қабдиев (1926-2007) - ғалым-экономист. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1960 жылдардан бастап Абайдың әлеуметтік, экономикалық көзқарасы мәселелерін зерттеумен айналысып, ақын шығармаларын оның өзі өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік орта мен қоғамдық қатынастар тұрғысынан жан- жақты талдады. Ғалым «Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары мәселесі хақында» монографиясында ақынның еңбек, кәсіп, мешеуліктің себептері, егіншілік, отырықшылық, сауда, байлық, мүліктік теңсіздік жайлы пікірлерін саралап, қорытты. Оның «Қазақ ағартушы-демократтарының әлеуметтік-экономикалық көзқарастары» деген көлемді зерттеу еңбегінің 4-тарауы Абайдың экономикалық көзқарасын айқындауға арналған. Мұнда ақынның Қазақстандағы экономикалық- қоғамдық қатынастар, статистика, социология, ақшалай-товарлы қатынастар, сауда туралы тұжырымдары жан-жақты зерттеледі. Қабдиев «Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы» еңбегінің 4-тарауында С. Торайғыровтың экономикалық көзқарасының қалыптасуындағы Абай шығармаларының елеулі ықпалын дәлелдеген.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı