Shejire

Орынбай Тайманов

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Орынбай Тайманов (1884, қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы – 1946, Төле би ауданы) – ақын. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Жасынан ел аралап, өлең-жыр айтып, айтыстарға қатысқан. Ноғайлы дәуірінің батыры Жәнібектің жорықтарын баяндайтын “Жәнібек батыр” дастаны бар. Соғыс кезінде дүниеге келген отансүйгіштік тақырыбындағы туындылары ел арасына кең тараған. Өлең-жырлары, толғау-термелері 20 ғасырдың 30-жылдарынан мерзімді баспасөзде жарияланып тұрды. П.Кузнецов орыс тіліне аударған Таймановтың “Домбыра” атты жыры “Правда” (1936, 18 мамыр) газетінде жарияланды. Республика ақындар айтысында (1943) қызылордалық Ә.Бәйкеновпен сөз сайысына түскен. Көптеген айтыстары, толғаулары ел аузында сақталып, әдеби жинақтарда (“Пернедегі термелер”, 1965; “Айтыс”, 3-т., 1966) жарық көрген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı