Shejire

Ораз Мұхаммед

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Seytek and Oraz-Muhammed
Семен Ульянович Ремезов · Public domain

Ораз-Мұхаммед сұлтан, кейде Ораз-Мұхаммед хан (орыс. Ураз-Магмет царевич, тат. Ураз-Мөхәммәт, 1573 – 1610) — қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы, Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы, Шығай ханның немересі.

Өмірбаяны

Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында “қазақ ордасының ханзадасы” деп аталады. 1588 жылы Ораз Мұхаммед хан кеңесшісі (қарашысы) Қыдырғали Жалайыримен бірге Сібір хандығының астанасы Ескерге (Қашлық) жергілікті билеуші Сейдахметке (Сейтек, Сейдақ) қонаққа барып, Сейтек ханмен бірге Ертіс бойында аңшылықта жүрген кезінде Тобыл воеводасы Данила Чулков жасағының қолына түсіп, Мәскеуге жөнелтілді. Федор Иванович патша оны жылы қабылдап, қызметке тартты. Ораз Мұхаммед патша сарайындағы салтанатты қабылдауларға, орыстардың шведтерге (1590), Қырым хандығына (1598) қарсы соғыстарына қатысты. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Ораз Мұхаммедті еліне қайтаруды өтінді. Тәуекел хан Ресеймен саяси келісімді бекіту мақсатымен Ораз Мұхаммедтің орнына өз балаларының біреуін аманатқа беруге міндеттенді. Бірақ бұл Тәуекелдің өліміне байланысты аяқсыз қалды. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 жылы Ораз Мұхаммедті Ока өзенінің бойындағы Қасым (Касимово) хандығының ханы етіп тағайындады. 1605–1613 жылдары Ресейде болған бұлғақ жылдарында Ораз Мұхаммед Лжедмитрий ІІ жағына шығып, жалған патшаның сарайындағы атақты адамдардың бірі болды. Ораз Мұхаммедтің өзіне адал қызмет етпейтінін сезген Лжедмитрий ІІ оны Ока өзенінің жағасына аң аулауға ертіп барып, жалдамалыларына өлтіртті.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Вельяминов-Зернов В.В., Исследования о касимовских царях и царевичах, ч.2, СПб., 1864; Березин И.Н., Библиотека восточных историков, т.2, ч.1, Казань, 1854; Казахско-русские отношения в XVІ – XVІІІ вв., А.-А., 1961. Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.

Fyodor&boris
Public domain
Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Ораз Мұхаммед
Діні
Ислам
Әкесі
Ондан сұлтан
Ізашары
Мұстафағали хан
Ізбасары
Арслан хан
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1610 (1610)
Дүниеге келуі
1573 (1573)