Ондан сұлтан
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Ондан сұлтан - қазақ сұлтаны, батыр, Шығай ханның ұлы. Шамамен 1555 жылы дүниеге келіп, 1585 жылы ұрыста қаза болған. Шығай хан тұсында әскердің бас қолбасшысы болған. Сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсеткен, садақ атудың керемет мергені болған. Көп уәлаяттарды бағындырып, өзіне қаратқан. 30 жасқа келген шағында қалмақтармен шайқаста шейіт болған. Оның қабірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында жерленген. Ондан сұлтанның әйелі көп болған. Бәйбішесі Алтын ханымнан Ресей жеріндегі Қасым хандығының болашақ ханы Ораз-Мұхаммед сұлтан және Татлы ханым туған. Чүйім ханымнан Абылай және Қайнар Көшек сұлтан туған.