Shejire

Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров (14 қыркүйек 1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 15 наурыз 1980, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971).

Қазақ кен-металлургия институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жезқазған кен басқармасында әкімшілік қызметтер (1941–1952) атқарған. Қазақ кен-металлургия институтының (1952–1962) ректоры; 1960 жылдан Қазақ политехникалық институты) ректоры Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы және Кен ісі институтында зертхана меңгерушісі (1962–1964) Қазақ политехникалық институтында кафедра меңгерушісі (1965–1980) болды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген.

Шығармалары

Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений, А.-А., 1969; Технология добычи руд с твердеющей закладкой, М., 1979 (соавт.); Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд, А.-А., 1979; Комплексная механизация подземной разработки руд, М., 1981.

Марапаттары

Ленин ордені Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

http://kzs.808.kz/?p=3571 http://www.topreferat.com/josparmat.php?id=1401(қолжетпейтін сілтеме) http://www.tau-2007.narod.ru/u_ulandari.html

Дереккөздер

Şejiredegi ornı