Shejire

Николай Архипович Хлопов

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Николай Архипович Хлопов (1932 – 1989, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1975), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989).

Өмірбаяны

Благовещенск медицина институтын бітірген (1960). Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (1964–1976, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор; Семей мемлекеттік медицина институтында (1976–1984, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) ректор, кафедра меңгерушісі Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (1984–1989, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) ректоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

1973 жылы «Функциональное и морфологическое состояние некоторых внутренних органов после комбинированной резекции желудка» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 110-нан астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı