Наурызбас
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Наурызбас қалашығы (X-XII) – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Байзақ ауданы Байзақ ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде.
Зерттелуі мен сипаты
1983 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық отряды (жетекшісі М. Елеуов) ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі орны әлемнің төрт тарапына бұрыштары қаратылған төбешік. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м, батыстан шығысқа қарай 45 м, биіктігі 1 м. Қала ені 6-8 м, биіктігі 2 м үйінді жалмен қоршалған. Жалда 5 мұнара қалдығы сақталған. Археологиялық зерттеу барысында құмыра, тостаған, келі, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жинастырылды. Алынған заттарға қарағанда Наурызбасты халық X-XII ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.