Shejire

Найман мемлекеті

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Map of the homelands of the tribes of the Mongol Empire in 1207 and preceding polities. Based on File:Asia laea relief location map.jpg.
Khiruge · CC BY-SA 4.0

Найман хандығы, Найман ұлысы – 1125 - 1211 жылдары Қазақстанның шығысы, Алтай, Моңғолия аумағында өмір сүрген көшпелі мемлекет. Найман тайпасы Ляо империясы құлдырағаннан кейін құрған. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды.

Найман мемлекетінің пайда болуы

Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инанш Білге хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инанш Білге хан өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл хан (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.

Найман мемлекетінің ыдырауы

Осылайша Найман мемлекетітолығымен күйреп, тарих тұғырынан тайды. Найман мемлекеті жұртының бір бөлігі моңғолдарға бағынышты болып, ата мекенінде қалып қойса (Ертіс, Зайсан, Марқакөл), қалғандары оңт. батысқа (Жетісу, Сарыарқа, Сыр бойына) қарай ойысты. Олар осы аймақтағы ұлыстар мен халықтардың құрамына енді (қ. Наймандар). Найман мемлекетінің тұрғындары негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Кейбір деректерде наймандардың Орхон, Ертіс өзенінің бойында арпа-бидай егіп келгені туралы мәлімет кездеседі. Найман мемлекеті Орта Азия шығысындағы көшпелілердің ең өркениеттісі болды. Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға дейінгі кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық (Қойлық), Бесбалық, Найман Сум қатарлы қалалар салды. “Тамғалы тас” ескерткіші олардың жазу мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған.

Найман хандығының билеушілері

Наркеш Даян Инанш хан (Инанш Білге Бұқа, Еният); шамамен 1143-1180), Гумилев бойынша Джон немесе Иоанн хан; Көксеу-Сабрах (қолбасшы) Таян хан (Бай Бұқа немесе Тайбұқа), Инанш ханның ұлы; шамамен 1180-1204; Бұйрық хан, Таян ханның бауыры; шамамен 1190-1202 немесе 1206; Күшлік, Таян ханның ұлы; 1204-1211, 1218

Дереккөздер