Нәбиолда Салихұлы Кемешев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нәбиолда Салихұлы Кемешев (1949 жылы - ...) — ақын, әнші, сазгер, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі.
|https://commons.wikimedia.org/wiki/File:Kemeshev_Nabiolda.jpg]] Нәбиолда Салихұлы Кемешев 1949 жылы 6 сәуірде Марқакөл ауданы, Жалаңаш руднигінде дүниеге келді. Ақбұлақ мектебін бітіріп, сол ауылда 1966 жылы Мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды, мектепте ән-күйден сабақ берді. Алматы кинотехникумын 1969 жылы, Өскемен мұғалімдер институтын 1974 жылы, Өскемендегі Қазақ-Американ еркін университетін 2005 жылы оқып бітірген. Ақбұлақ орта мектебінде ән сабағын оқытып, ұстаздық тәжірбиесі Республикаға таралды. «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1982 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып тағайындалды. Төрт дүркін аудандық Кеңестің, бір рет облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Инагурациясына қатысты. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының мәдени қайраткері» атағын алды. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті доценті, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2005 жылғы облыс әкімінің «Музыка өнері» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты. Нәбиолда Салихұлы «Жүрекпен сырласу» атты өлеңдер жинағының, «Көңілге түйген әсерлер» атты нақыл-мақалдар кітабының авторы. 1982-1995 жылдары аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Теректі Мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды. Ақын, әнші, сазгер Нәбиолда Салихұлы сықақ, фельетон, скетчтер жазады. Баянда, домбырада жақсы ойнайды. Кезінде Республикалық суырып салма ақындар айтысына қатысып, Надежда Лушниковамен Жамбыл Жабаев музейінде қалжын айтыста бақ сынаған. 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанында аса үлкен белсенділік танытып, Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын Теректі аймақтық штабын басқарып, атқарған нәтижелі еңбегі үшін Н. Ә. Назарбаевтің қолы қойылған алғыс хатқа ие болған. Нәбиолда Салихұлы Кемешев ауылдастары алдында құрметті, беделді азаматтың бірі. Қазырғы таңда зейнеткер, қоғам белсендісі.
Шығармалары
Көңілге түйген әсерлер: мақалдар мен мәтелдер. - Өскемен, 2003. - 157 б. Жүрекпен сырласу. - Өскемен:[б. и.], 2006. - 244 б. Өмірім-өлеңім. - Өскемен:[б. и.],2007.-360 б. Әндер жинағы:[Ноталар]. - Өскемен:[б. ж.], 2007. - 152 б. Ұрпағыма өсиет. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2009.-500 б. Әке аманаты: ғұмырбаяндық естеліктер мен ой-толғаныстар. - Алматы: Үш Қиян, 2018.- 296 б. Әке мұрасына адалдық.- Алматы, 2020. - 492 б. Ой түрткі. - Алматы:Полиграфкомбинат, 2023. - 184 б. Жүректен жүрекке: өлеңдер, әндер, баталар, жинағы: Қазақстан Жазушылар одағы РҚБ. - Алматы: Дәуір, 2024. - 328 б. - (Абай әлемі).