Shejire

Мүсілім Ысмайылұлы Байтенов

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мүсілім Ысмайылұлы Байтенов (1926, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы – 2001, Алматы қаласы) – биология ғылым докторы (1990). ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. институтында (1951–1961), Жаңасібір қалысындағы КСРО Ғылыми Академияның Сібір бөлімшесінде кіші ғылыми қызметкер (1961–1964), Қазақстан Ғылыми Академияның Ботаника ғылыми-зертханалық ин-тында ғыл. қызметкер (1966–1975), бөлім меңгерушісі (1975–1995) қызметтерін атқарады. «Солтүстік Тянь-Шань биік таулы флорасының түзілу тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол әр түрлі туысқа жататын 37 жаңа өсімдік түрлерін ашты және оның екі жаңа түрі Байтеновтың атымен аталады; жәндіктердің 8 жаңа туысы мен 100-ге жуық жаңа түрлеріне сипаттама берді. Байтенов 160 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монография мен 6 кітаптың авторы.

Дереккөздер