Мүсілім Базарбаев
Şejiredegi ornıBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Мүсілім Базарбаев (15 мамыр 1927(19270515) Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9 қараша 1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993). ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Шығармалары
Живые традиции, А.-А., 1962; Әдебиет және дәуір, А., 1966; Қаһарлы жылдар жыры, А., 1968; Эстетическое богатство нашей литературы, А.-А., 1976; Көрікті ойдан – көркем сөз, А., 1994; Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая), А., 1995; Замана тудырған әдебиет, А., 1997.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
ЕКТУ(қолжетпейтін сілтеме)