Shejire

Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дуамбеков Мусагали Сарсенбайулы
Duambekov · CC BY-SA 4.0

Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков (05.05.1961, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы - 28.07.2020, Астана) - қоғам қайраткері, эколог, профессор, ғалым .

Білімі

Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын бітірген. қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы

1990-1996 жылдары - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканы. 1996-1998 жылдары - Тараз мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, «Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі» АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары. 1998-2000 жылдары - Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы. 2000-2001 жылдары - Тараз мемлекеттік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 2001-2003 жылдары - ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола филиалының директоры. 2004-2005 жылдары - «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы. 2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы" қоғамдық қорының президенті. 2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті.

Ғылыми еңбектері

100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор. Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент» т.б. кітаптары жарық көрген.

Қоғамдық қызметі

2011 жылы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға құжат тапсырған. Алғашқы лингивистикалық емтиханнан өткенімен, кейін кандидаттығын алып тастады.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков
Жұмыс орны
«Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қоры
Туған жері
Қаратау
Туған күні
5 мамыр 1961 (1961-05-05)
Азаматтығы
 Қазақстан
Ғылыми аясы
экология
Ғылыми атағы
профессор
Ғылыми дәрежесі
Техника ғылымының докторы
Қайтыс болған жері
Астана