Shejire

Мұңайтбасов Әзберген

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мұңайтбасов Әзберген (1806–1873) — Кіші жүз Шекті руы қазақтардың патша өкіметіне қарсы көтерілістердің уйымдастырушыларлың бірі, батыр. Ол 1855 жылы Көтібарұлы Есет батырмен бірге Елек өзенінің бойында патша өкіметін жақтаушы сұлтан-әкім Жантөринді өлтірген. 60 жылдары Хиуа хандығына қарасты Қоңырат қ-ның бастығы болып, Яһаумуд шапқыншылығынан қорғану үшін қаланың маңында бекініс («Әзберген қорғанбағы» аталған) салдырған. Торғай обл. қазақтарының 1869–1873 жылдары аралығындағы патша өкіметіне қарсы көтерілісіне басшылық етті. Ұрыста қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалды. 1873 жылы патша үкіметі Хиуа қ-н басып алуға әскерін жорыққа аттандырғанда М-ты тұтқыннан босатып әскерлерге жол көрсетуші етіп жіберді. Көтерілістің басқа басшылары сияқты М. та отаршылық езгіге қарсы бұқара наразылығын үстем тап муддесіне пайдалануды көздеді.

Дереккөздер