Мсислав Мсиславович Удалой
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мсислав Мсиславович Удалой (т. ж. белгісіз - 1228 ) – Торопец(1206), Новгород (1210), Галиция (1219) князы. 1193, 1203 ж. орыс князьдарының қыпшақтарға қарсы жорықтарына қатысты. 1207 ж. боярларға қарсы Новгородтағы көтерілістен кейін қала тұрғындарының қолдауымен Новгород князы болды. 1212, 1214 ж. эстон жеріне сәтті жорық жасап, неміс рыцарьларына соққы берді. 1216 ж. Новгород әскерін басқарып, Липиц ө. Бойында Суздаль-Владимир князьдарын жеңді. Галиция жерінен венгрлерді қуып шығып (1219) өзі князь болды. Монғол татарға қарсы күресте қыпшақтармен одақ жасауды қолдады. Калка ө. Бойында болған (1223) шайқаста орыс әскерлерінің алғашқы тобын басқарды.