Митрофан Семёнович Сильченко
Şejiredegi ornıBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Митрофан Семенович Сильченко (20.4.1898 жыл, Ресей, Воронеж қаласы – 9.12.1970, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958).
Өмірбаяны
Воронеж діни семинариясын (1917) сондағы мемлекеттік университетті (1924) бітірген. Осы университетте оқытушы (1924–1931) ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор (1931–1970) 1962 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде академик-хатшы, Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, академия төралқасының ғалым-хатшысы қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
«Творческая биография Абая» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ-орыс әдеби байланыстары мен қазақ фольклоры мәселелеріне Абай Жамбыл Мұхтар Әуезов шығармаларына арналған.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен, медальдармен марапатталған.