Shejire

Михаил Порфирьевич Вяткин

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Михаил Порфирьевич Вяткин (9.8.1895 жыл, Орынбор қ. – 7.12.1967 жыл, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ.) – тарих ғылымдарының доктыры (1944 ж.), профессор (1946) ж., Қырғызстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1954 ж.), РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ, қырғыз халықтарының тарихына қатысты көптеген зерттеулердің авторы.

Томск мемлекеттік университетін бітірген (1921) ж. 1934 ж. М.Н.Покровский атындағы Ленинград педогогика институтының аға ғылыми қызметкері. 1945 ж. КСРО тарихы кафедра меңгерушісі болған. 1957 жылдан өмірінің ақырына дейін КСРО FA Тарих институтының Ленинград бөлімшесін басқарды.

Еңбектері

1935 жылдан бастап КСРО, Қазақстан мен Қырғызстанның тарихын зерттеумен шұғылданды. 70-тен аса ғылым еңбектерінің көбі Қазақстан тарихына арналған. 1941 ж. Алматыға көшті, Қазақ КСР тарихы 1-томының очеркін жазды. 1943-49 ж. жарық көрген Қазақ КСР тарихының бірнеше тарауының авторы және редакциялық алқа мүшесі. Ол 1947 ж. шыққан "Сырым батыр" монографиясы үшін (1951 ж. қазақ тіліне аударылған) КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1948). Онда Вяткин Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халқының ұлт-азаттық көтерілісіне жан-жақты талдау жасайды. Ол Сырымның қайраткерлігіне жоғары баға берген.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı