Медеубай Шаяхмет-ұлы Құрманов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Үлгі:Infobox Құрманов Медеубай Шаяхметұлы (22.02.1938, Алматы облысы Жаркент ауданы - 22.11.1985, Алматы) - әдебиеттанушы ғалым, аудармашы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1972).
Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университетін бітірген (1968). 1955 - 1963 жылдары Қызылжар, Қоғалы орыс және қазақ орта мектептерінде мұғалім, 1963 жылы Алматы медициналық институтында оқытушы, 1966 - 1974 жылдары кафедра меңгерушісі, 1974 - 1978 жылдары Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер институтында доцент, 1978 - 1983 жылдары Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Еңбектері
Неміс ақын, жазушы И.Гетенің "Фауст" трагедиясы Мария-Луиза Кашництің "Ескі балалар ертегілер" жинағын неміс тілінен қазақ тіліне аударған. "Алтын арқа" (1979), "Өмір қандай тәтті еді" (1994) кітаптары жарық көрген.