Медел Жұмабайұлы Арғынбаев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Үлгі:Infobox writer Медел Жұмабайұлы Арғынбаев (9.5.1930, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 29.8.2000, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1953–72 ж. Жамбыл облысының оқу-ағарту мекемелерінде, Жамбыл облысы комсомол комитетінде, Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінде, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметтер атқарған. 1972–85 ж. ҚазМУ-дың проректоры, ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының мамандығын жетілдіру ин-тының директоры, 1985–87 ж. осы университеттің журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – Қазақстан баспасөзінің тарихы. Халықтар достығы орденімен марапатталған.