Мардан Келдібайұлы Байділдаев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Мардан Келдібайұлы Байділдаев (12 сәуір 1926(19260412), қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы — 5 наурыз 1994, Алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші.
ҚазМУ-ді бітірген (1955, қазіргі ҚазҰУ). Ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында ғылым қызметкер болды, халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Т. Жүргенов, С. Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынды. “Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. “Қорқыт ата кітабын” Ә. Қоңыратбаевпен бірге аударды. “Ақындар творчествосы”, “Ақын-жыраулар” атты зерттеу кітаптары бар. Халық шығармашылық бүкілодақтық фестивалінің (1971) лауреаты.