Майя Хажетдинқызы Шығаева
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Майя Хажетдинқызы Шығаева (21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласы — 20.02.2017) – қазақстандық биолог ғалым, Биология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО Өнертапқышы.
Жалпы мәліммет
Майя Хажетдинқызы Шығаева 21 қаңтар, 1927 жылы Ресей, Астрахан қаласында туған. Ұлты - Қазақ. 1949 - 1952 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1952 - 1955 жылдары Қазақ медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті)нің микробиология мамандығы бойынша асперантурасын бітірген.
Еңбек жолы
1949-1952 жж. - ҚазССР ҒА микробиология секторының аспиранты 1952-1956 жж. Микробиология секторы бойынша аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер. 1956-1962 жж. ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институтының ғалым хатшысы. 1957-1959 жж. аудандық кеңестің депутаты болды. 1960-1963 жж. «Микроорганизмдердің өзгергіштігі» зертханасының аға ғылыми қызметкері. 1963 жылдың қазан айынан бастап 1972 жылдың мамыр айына дейін ҚазССР ҒА микробиология және вирусология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және «Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы» зертханасының меңгерушісі. 1972-2000 жж С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) микробиология кафедрасының меңгерушісі қызметін. 1975-1985 жж. аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ биология факультетінің деканы болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап осы уақытқа шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті микробиология кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеуде.
Шығармашылығы

Негізгі ғылыми еңбектері жалпы микробиология мәселелеріне арналған. Шығаева Қазақстанда микробиологиялық зерттеулердің жаңа бағыты – микроорганизмдерді антибиотик, мал азықтық препараттар алуда, сондай-ақ нан пісіру және сүт өнеркәсіптерінде пайдалану мәселелерімен; микроорганизмдердің селекциясы мен генетикалық өзгергіштігін және ұлттық сусындардың (қымыз, шұбат) микрофлорасын зерттеумен; жаңа микроб өнімдерін (полисахарид, жоғарғы беттік-белсенді заттар) алумен; мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациялық технологиясын жасаумен және олардың табиғи және техногенді экожүйелердегі жағдайын бақылаумен шұғылданды. 46 автомобильді куәлік пен патенттің иегері. Шығаеваның жетекшілігімен 7 докторы және 41 кандидаттық диссертация қорғалды. 330-дан аса ғылыми еңбектері мен 10 монографиясы жарық көрді.
Ғылыми еңбектері
Химический мутагенез, Алма-Ата, 1980; Микрофлора национальных кисломолочных напитков, Алматы, 1983; Мутагены и комутагены, Алматы, 1994.
Мемлекеттік марапаттары
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. 1969 жылы «Биология ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» құрмет белгісі; 1977 жылы профессор (атағы); 1977 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. 1980 жылы КСРО Білім министрлігінің құрмет белгісі; 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені; 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына енгізу туралы» құрмет грамотасы; 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалі; 1995 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты; 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» мен марапатталды. 1997 жылы «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атағы; 2000 жылы Американың Биография иниститутының «Жыл әйелі» құрметті атағымен ордені; 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 10 жыл» медалі; 2004 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі; 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; 2009 жылы Әл-Фараби атындағы алтын медаль иегері.
