Shejire

Мағауия Әлімханұлы Ермеков

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мағауия Әлімханұлы Ермеков (01.09.1921 ж., 6-ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 2006 жыл, Қарағанды ) – геология-минералогия ғылыдармының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.

Қазақ тау-кен металлургия (1950, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) институтын және осы институттың аспирантурасын (1958) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қарағанды қаласындағы «Қазақкөміргеология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі (1950–57), Қазақстан Ғылым Академиясының Қарағанды қаласындағы химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі (1958–63) және Қазақ тау-кен өнеркәсібінің қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1963–70), Қарағанды политехникалық институтында (1970–89, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989 жылдан осы институттың профессоры. 1967 ж. «Газоность угленосных отложений и газообильность шахт Карагандинского бассейна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

http://www.inform.kz/kaz/article/2208204(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Мағауия Әлімханұлы Ермеков
Жұмыс орны
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Туған жері
6-ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
Туған күні
1 қыркүйек 1921 (1921-09-01)
Азаматтығы
 Қазақстан
Альма-матер
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ғылыми аясы
Геология
Ғылыми атағы
Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі
Несімен белгілі
Әлімхан Ермековтың ұлы