Көтібар Бәсендеұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Көтібар Бәсенұлы (1757[дереккөзі?] – 1823 (1833), Жайық) — Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан халық батыры. Бәсен батырдың бес баласының біреуі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсенұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М. Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1823 жылы (немесе 1833) Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.
Тағы қараңыз
Көтібар Бәсенұлы кесенесі