Көпбай Әлімбетұлы
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Көпбай Әлімбетұлы (1904, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – 1985) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті.
Дастан-қиссалары
«Алмас – болат»
Арнау, толғаулары
«Туған өлкем», «Алатау – ырыс аймағым», «Арыс – Түркістан каналы», «Ер шопан», «Ақ бидай». Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады.
Көпбай – айтыскер ақын
Ол Айнабек Нысанұлы (1943), Мыңбай Сұлтанбеков (1945), Желеу Жақыпұлы (1957), Әбдіғаппар Айтақов (1964), Құлжабай Төлеуов (1965), т.б. ақындармен айтысты. Айтыстары мен өлеңдерінің біразы «Айтыс» (3-т., А., 1966), «Ақындар жырлайды» (1968) жинақтарында жарияланған.