Shejire

Көкшетау облысы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Көкшетау облысы — Қазақ КСР-нің (1944-1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы.

Географиясы

Көкшетау облысы Қазақстанның солтүстігіндегі Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығының шекарасында орналасқан еді. Аумағы — 78,1 мың км². Солтүстік-шығысында РКФСР-дің Омбы облысымен шектескен.

Тарихы

Көкшетау облысы Қазақ КСР-нің құрамында 1944 жылдың 16 наурызында құрылды. Оның құрамына Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Келлер, Көкшетау, Қызылту, Красноармейск, Чкалов және Ақмола облысының Арықбалық, Зеренді, Рузаев, Щучье аудандары берілді. 1955 жылы 22 қазанда Қазан, Чистопол және Ленинград аудандары құрылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Көкшетау облысында жаңа әкімшілік бөлініс енгізіліп, 8 ауылдық аудан құрылды: Володар, Қызылту, Көкшетау, Красноармейск, Ленинград, Рузаев, Чистопол, Щучье және Еңбекшілдер. 1964 жылы 31 желтоқсанда Чкалов ауданы қалпына келтірілді. 1967 жылы 2 қаңтарда Арықбалық және Зеренді аудандары қалпына келтірілді. 1969 жылы 28 мамырда Келлер және Куйбышев аудандары құрылды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Уәлиханов ауданы құрылды. 1973 жылы 23 желтоқсанда Ленин ауданы құрылды. 1988 жылы 9 шілдеде Ленин ауданы таратылып, 1990 жылы 13 қыркүйекте қалпына келтірілді. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасының құрамында. 1993 жылы 4 мамырда Володар ауданы Айыртау ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 2 мамырда Арықбалық, Уәлиханов, Келлер, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистопол және Чкалов аудандары таратылды. Қызылту ауданы — Уәлиханов, Красноармейск ауданы — Тайынша, Куйбышев ауданы — Целинный және Ленин ауданы Ақжар ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. Ал 1999 жылы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 ауданы (сонымен қатар Көкшетау қаласы) Ақмола облысының құрамына берілді.

Әкімшілік бөлінуі

1989 жылы Көкшетау облысы 15 әкімшілік ауданға және 2 облыстық бағыныстағы қалаға бөлінген:

Халқы

1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағынының нәтижесі бойынша Көкшетау облысы тұрғындарының саны 664 282 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 8,5 адамнан.

Тұру орындары бойынша

қалалық - 259 788 адам (39,1%) ауылдық - 404 494 адам (60,9%)

Жынысы бойынша

ерлер - 324 048 адам (48,8%) әйелдер - 340 234 адам (51,2%)

Ұлт бойынша

1970 жылдың халық санағы бойынша:

орыстар (40%), қазақтар (23%), украиндар, немістер, белорустар, татарлар, мордвалар және т.б.

Әкімдері

Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитеті

Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов (1992–1993) Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев (1993) Қызыр Ыбырайұлы Жұмабаев (1993–1996) Досбол Баянұлы Жаңғалов (1996–1997)

Дереккөздер

Málimetter

Әкім
Жаңғалов Досбол Баянұлы (1996-1997)
Енеді
16 аудан
Кіреді
Қазақ КСР, Қазақстан
Тұрғыны
664 282[1] адам (1989)
Жер аумағы
78 100 км²
Құрылған уақыты
16 наурыз 1944 жыл
Таратылған уақыты
3 мамыр 1997 жыл
Әкімшілік орталығы
Көкшетау