Shejire

Көкпар биі

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Traditional Kazakh horseback game of "Catch the Girl" (Kuuz Kuu)
SSGT JEREMY T. LOCK · Public domain

Көкпар — қазақ халқының ұлттық биі. Ат үстінде көрсетілетін ұлттық спорт ойындарын (көкпар, бәйге, аударыспақ, т.б.) бейнелейді. Халық күйі “Қара жорғаның” сүйемелінде орындалады. Музыка өлшемі 4/4, ырғағы өте екпінді. Алғаш рет 1934 жылы Қазақстан ауыл шаруашылық еңбекшілерінің слетінде халық бишісі Ш.Быжыбаев жеке, ал 1936 жылы Мәскеуде өткен КСРО халық бишілері слетінде бір топ бишілермен орындады. Бұл бидің сахналық нұсқасын Бүкілодақтық ән-би ансамблі өз репертуарына енгізді (1936–1937 жылдары, А.И. Моисеевтің қоюы бойынша). “Көкпар” биінің жаңа нұсқасын 1953 жылы балетмейстер Д.Әбіров Қазақ филармониясында қойды. Қазақ ән-би ансамблінің бишілері (балетмейстері Л.Д. Чернышева) Көкпаp биін 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде, 1959 жылы АҚШ-та орындады.

Дереккөздер