Shejire

Кежім

Salt-dástúrJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Кежім – салтанат, сәндік үшін әшекейленіп, өрнектеліп, шашақталып жасалған ат жабуы. Көне заманда кежім «тері сауыт» деген мағынаны білдірген. Кежімнің ертедегі массагет, сақ, сармат, оғыздарда қолданылған сауыт түрiндегi үлгiлерi жазба деректерде, жартастардағы суреттерде, дастан-жырларда ұшырасады.

Сипаты, атаулары мен қолданысы

Мұндай ат сауыты кекілдік, сауырлық, жақ, мойындық, кеуделiк, бастық деп аталатын 6-бөлiктен тұрады. Кежімді астарлық жабуға металл көбелердi, берен, зере темiрлердi қайыс, шегемен бекiту, шығыршықпен өру, қаю, сыру арқылы жасайды, етегiне шашақ түсiредi. Қорғаныс дәрежiсiне сай олар "көбе кежім", "берен кежім", "қапталған кежім", "кiреуке кежім" деп аталған. Ертеде кежім қорғаныс мақсатында атты жарату, аурудан сақтау үшiн қолданылса, соңынан сәнді жабу түрiне ауысқан. Ол таңдаулы ат пен мақтаулы түйелерге жабылатын болған. Кежім салтанатты күндерде және күзгі, қысқы суықта ердің астынан салынып, аттың сауырын жауып тұрады. Кежімнің алтын, күміс зермен (жіптермен) әшекейлеп тігілген алтынды кежім, күмісті кежім, зерлі кежім, кестелі кежім, шашақты кежім тәрізді сәнді түрлері болған.

Дереккөздер

Әдебиеттер

Радлов В.В. Тюркские степные кочевники. ІІІ т. Астана: Алтын кітап, 2007; ҚР МОМ – материалдарынан; ОМЭЭ – материалдарынан.