Shejire

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

К. Сағәди жерленген орын
Bekbal · CC BY-SA 4.0

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан 1938 жылы туған, Қостанай облысының Жангелді ауданы — 25 шілде 2020 жыл) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды бітірген (1960). 1960 — 63 жылы ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы 1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры 1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры 1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті. 1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің Халықаралық бизнес университетінің ректоры 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

Марапаттары

Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы — 1992” атағын алды. Еңбек Қызыл Ту (1971) “Халықтар достығы” (1987) “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Парасат» (2005) II дәрежелі «Барыс» ордендерімен; «Тың жерлерді игерген үшін» (1957) «Қажырлы еңбек үшін» (1970) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Кішкенова Нағитай. Ұлдары - Нұрлан, Ерлан, Ербол, экономистер.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı