Кедей айнасы
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Кедей айнасы – Орта Азия коммунистік университетінде оқитын қазақ студенттері шығарған журналы. Ташкентте 1923 – 24 жылы 1 – 2-, 1926 жылы 3-, 1928 – 29 жылы 4 – 5-нөмірі жарық көрді. Таралымы – 2000 дана.
Онда шәкірттердің өз шығармалары және әлеуметтік мәселелер – партияны тазалау, кәмпеске, жастар арасындағы жұмыс, индустрияландырудың барысы туралы материалдар жарияланып тұрды. Журналда университеттің өз тыныс-тіршілігі, шәкірттер өмірі, оқытушылар туралы көбірек сөз болды. Әдебиет бөлімінде ескі мұра нұсқалары жарияланды. Жаңа жиналған мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер беріліп тұрды. Оған С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжанов, Ш.Сарыбаев, З.Рүстемов белсене қатысқан.