Shejire

Иван Васильевич Аничков

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Иван Васильевич Аничков (1863 – өлген жылы белгісіз) – орыс ғалымы, археолог және этнограф. 1888 ж. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген. Түркістан мен Орынбордың ғылым мекемелерінде жұмыс істеді. Мерке маңындағы, Қостанай, Қазалы уездеріндегі, Торғай облысындағы тас мүсіндер, обалар мен басқа да археология ескерткіштерді, Әулиеата уезі Бесағаш қонысындағы көне қала орнын, Таразды және Сауран мұнарасын сипаттаған мақалалар жариялады. «Ұмытылған өлке», «Қырғыз даласындағы халық шаруашылығының құлдырауы» аталатын еңбектерінде қазақ халқының ауыр халін сөз етті. Аничков Ресей отаршыларын сынға алып, «қазақ халқы Ресейдің қол астына қарағанда оның тағдырын осыншама назардан тыс қалдыратындай ешбір жазығы жоқ еді» деп жазды. «Орыстандыру» саясатын мінеп, қазақтардың әдет-ғұрпына құрметпен қарады.«Түркістандағы халық өмірінің очерктері» аталатын еңбегінде қазақтардың тұрмыс-салты туралы мәліметтер, «Қырғыз батыры Жаңқожа Нұрмұхамедов» деген мақаласында Сырдария бойы қазақтарының көтерілісі, оның басшысы туралы нақтылы деректер берген. 1896 ж. «Қазан университетінің ғылыми жазбаларында» жарияланған «Қырғыз халық шығармашылығының ескерткіштері» деген мақаласында да тарихи және этнографиялық деректер мол.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Аничков Иван Васильевич — Революционеры — Яндекс.Словари(қолжетпейтін сілтеме) Аничков Иван - Исторический словарь - история, государство, король ... Мұрағатталған 23 ақпанның 2013 жылы.

Şejiredegi ornı