Shejire

Иоанн VI Кантакузин

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Byzantine Emperor John VI Kantakouzenos presiding over a synod. The Hesychast Council of Constantinople, 1351. Constantinople, 1370-75, paint on parchment, Greek Manuscript 1242, fol.5 v, 33,5x24 cm, Bibliothèque nationale de France, Paris.
Uploaded by Cplakidas · Public domain

Иоанн VI Кантакузин (1293, Константинополь, 15 маусым 1383, Мистра) — Византия империясының императоры (1341—1354). Андроник III Палеолог билік жүргізген түста (1328—41) император әскерінің бас қолбасшысы болған. И. VI бүкіл өкімет билігін уысында ұстады; провинция ақсүйектерінің мүддесін қорғады. Андроник III өлгеннен кейін 1341 ж. кәмелетке толмаған Иоанн V Палеологтың регенті болды. Сол жылы Иоанн V-ге қарсы бүлікті басқарды, октябрьде феодал шонжарлар оны император етіп жариялады. 1347 ж. И. VI Константинопольды жаулап алды. 1349 ж. зилоттар көтерілісін басты. И. VI-ныц сыртқы және ішкі саясаты қа-ла қолөнершілерінің, көпестердің, кәсіпкерлердің мүддесіне қарсы бағытталды. Саяси дұшпандарына қарсы күресте түрік-османдарға иек артып, олардың Еуропа жағалауына бекінуіне мүмкіндік берді. Жаппай наразылық салдарынан И. VI 1355 ж. тақтан кетуге мәжбүр болды.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı