I Людовик
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

I Людовик — Венгрияның патшасы — Карл Роберттің үшінші ұлы. 1342 жылы Людовик Венгрияның патшасы ретінде әкесінің орнын алмастырды. Людовик Секешфехервар қаласында 16 жасында таққа отырды. Ол - орта ғасырлардың аяқ шеніндегі Венгрияның ең жігерлі де тәжірибелі монархтарының бірі. Людовик басқарған уақытының көп бөлігін Венеция республикасымен соғысумен және Неаполь тағына таласумен өткізді. Сондай-ақ ол Болгариямен, Валахиямен және Алтын Ордаға қарсы соғысып, бірінде үлкен жетістіктермен оралса, енді бірінен жеңіліс тапты. Алғашқы Осман-Венгер қақтығысы осы Людовиктің билігі тұсында орын алған болатын. 1351 жылы ол 1222 жылы жазылған "Алтын булланы" өзгертіп, ақсүйектердің құқығын қамтамасыз ету мақсатында қайта басып шығарды. Людовик өзінің ағасы (анасының ағасы) Ұлы Польша империясының патшасы — Казимирге материалдық көмек көрсетіп, онымен өмірлік одақ құрды. Казимирдің соңынан ерген мұрагері болмаған. Сондықтан ол Людовикті өзінің тақ мұрагері етіп тағайындады. Казимир қайтыс болған соң 1370 жылдың 17 қарашасында Людовик Краков қаласында салтанатты түрде Польшаның патшасы болып тағайындалды. 1382 жылы Людовик қайтыс болған соң, Венгрияның мұрагерлігін оның қызы Мария иеленді.
Дереккөздер
