Shejire

Хұсайынов Мұхамеджан

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мұхаметжан Құсайынов (1756—1824, Уфа) — Екатерина II-нің жарлығы (1798) бойынша Орынборда құ-рылған мұсылмандық жиналыстың бірінші мүфтиі. Жас кезінде патша үкіметінің құпия тапсырмасымен Бұхара, Кабул қ-ларына барған. Кейін түрлі қызмет атқарып, 1789 ж. мүфти болып тағайындалды. Нұралы, Ералы, Есім және Айшуақ хандардың тұсында Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметіне адал болуға шақырды. Ал Сырым Датов басқарған көтеріліс (1783— 1797) кезінде «Игельстром реформасын» (1786, Кіші жүзде хан өкіметін жою, қазақтың феод. шонжарларының өкілдері мен патша әкімшілігінің өкілдерінен Орынборда шекаралық сот құру) жүзеге асыру мақсатымен шекаралық сот, жазалау топтарын құру жөнінде билер мен старшындар арасында үгіт жүргізді. 1796 ж. Есім хан өлтіріліп, Кіші жүзде хан кеңесі (оны Айшуақ сұлтан басқарды) ңұрылғанда, Қ. патша әкімшілігінің өкілі ретінде кеңестің құрамына кірді.

Дереккөздер