Ханиса Канышқызы Сатпаева
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Ханиса Қанышқызы Сәтпаева (15 желтоқсан 1921, Қарсақпай, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Қазақ АКСР — 11 маусым 2016, Алматы, Қазақстан) — кеңестік және қазақстандық ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры. Қаныш Сәтбаевтың үлкен баласы.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
1921 жылы 15 желтоқсанда Қарсақпай жұмыс ауылы, Жезқазған облысында дүниеге келген. 1943 жылы – Қазақ мемлекеттік медициналық институтты үздік бітіріп, еңбек жолын сол институтта жалғастырды. 1945 жылы ақын Қайнекей Жармағамбетовпен тұрмыс құрған. 1974 жылдан 1991 жылдар аралығында – АММИ-дің қалыпты физиололгия кафедрасының меңгерушісі. 12 жыл бойы Емдеу ісі факультетінің деканы. 1995 жылы алғаш Қазақстанда медицина және педагогика ЖОО-на арналған «Адам физиологиясы» («Физиология человека»)[1] атты оқулық жарыққа шықты. (қайта басылып шығарылды). Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-да валеология курсын енгізу бойынша үлкен істер атқарылды.
1999, 2007, 2009 жылдары жарық көрген валеологиядан қазақ және орыс тіліндегі бірінші типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құралдың авторы. Орта мектептерге арналған валеология нұсқаулығының авторы. 2016 жылы 11 маусымда өмірден озды.
Отбасы
Әкесі — Қаныш Сәтбаев (1899-1964) - Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті (1946-1952), геология-минералогия ғылымдарының докторы. Күйеуі — Қайнекей Жармағамбетов (1918-1974) - Қазақстан Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының хатшысы (1941-1948), ақын, әдебиеттанушы. Ұлы — Нұрлан Жармағамбетов, Алматы қаласындағы Сатпаев атындағы мұражайдың директоры, филология ғылымдарының кандидаты. Ұлы — Әділ Жармағамбетов. Қызы — Алима Қайникейқызы Жармағамбетова[1], химия ғылымдарының доктор, профессор, Сокольский атындағы катализ және электрохимия институт директорының орынбасары.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту ордені Парасат ордені — ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай және еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі» үшін медалі И.П. Павлов атындағы медаль «Адам физиологиясы» оқулығы үшін А.Байтұрсынов атындағы медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001) «Құрмет белгісі» медал «Қазақстан Республикасының ғылым еңбек сіңірген қайраткері»медалі (1981) «ССРО жоғары мектебінің үздігі» белгісі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамотасы, ҚазКСР және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Бүкілодақтық физиология қоғамының құрмет грамотасы.