Хабидолла Тастанов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Хабидолла Тастанов (12 шілде 1926, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы – 5 маусым, 1980, Алматы) – музыкатанушы, педагог, домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972).
Өмірбаяны
1950 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) домбыра класын бітірген. Қ.Жантілеуовтің шәкірті. 1950 жылдан осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасында ұстаздық (1980 жылдан профессор) етті. 1959 – 61 ж. КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) моңғол өнері онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жұмысына басшылық етті. Баян-Өлгий музыкалық-драма театры жанында қазақтың тұңғыш халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы еңбектері үшін 1960 ж. Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.
Оқулық кітаптары
Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек, А., 1956; Пьесалар. Домбыра үшін, А., 1957; Алғашқы домбыра үйрену мектебі, А., 1966; Домбыраға арналған этюдтер мен пьесалар, А., 1966; Қуанамын. Партитура, А., 1977.
Аспаптық және вокалдық шығармалары
“Алатау аясында” “Тыңға аттану” “Қазақ биі” “Толғану” “Қуанамын” “Романс”, т.б.
Марапаттары
Моңғолияның “Алтын жұлдыз” ордені (1960 ж.)