Гүлсім Насырқызы Жаркешова
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Гүлсім Насырқызы Жаркешова (5.12.1914 жыл, Ақмола облысы, Есіл ауданы - 25.5.1969, Алматы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1949). Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1945). 1947 жылдан бастап ҚазКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді. "Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздер" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазақ тілінің орфографиямен, лексикологиямен, лексиког. мәселелерімен айналысқан. "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін", "Абай тілі сөздігін" құрастыруға қатысты. Қазақ тіл білімінің мәселелері жайлы 20-дай мақалаларды жариялады.