Shejire

Гейнс Александр Константинович

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Портрет генерала А.К. Гейнса
Репин Илья Ефимович · Public domain

Александр Константинович Гейнс (21.08.1834, Ресей — 29.12.1893, Ницца) — қазақ халқының этнографиясын зерттеуші. 2-Константиновское әскери уч-щесін, 1859 ж. Бас штабтың академиясын бітірген. 1865 — 66 ж. қазақтардың әдет құқығы мен қазақ даласының түрлі аудандарындағы шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Г-тің “Қырғыз очерктері” аталатын еңбегінде Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал, т.б. қалалар мен бекіністер, Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма бекініс жүйелерінің салынуы, Жетісу өңіріндегі қазақ-орыс қатынастары, Абылайкит бұтханасының құлаған орны, Лепсі өз. бойындағы қалмақ бейіттері туралы маңызды мәліметтер бар. Ш. Уәлихановтың өмірбаянына қатысты деректер келтірілген. Гейнс қазақ өлкелерін басқару жөніндегі 1867 — 68 ж. сот-әкімш. реформаларын, “Дала облыстарын басқару туралы ереженің” (1891) бастапқы нұсқасын даярлауға қатысты. Севастополь қорғанысына қатысты. 1863 ж. Полына көтерілісін басуға қатысты. 1867-68 ж. реформа қарсаңында (1865-66) қазақтардың дәстүрлі құқығы мен қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болды. Гейнс — "Сырдария, Жетісу облыстарын басқару жөніндегі ереже жобасының" авторы. 1867-69 жылдары Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің басқарушысы, Гейнстің 1865-66 ж. Батыс Қазақстанды аралаған саяхатында кең көлемді күнделігі жарық көрді.

Дереккөздер