Shejire

Фучжулэй

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Фучжулэй (т. ж. б. — б.з.б. 20 ж.) — ғұндардың оңтүстік бөлігінің тәңірқұты (б.з.б. 31 — 20), Хуханье шаньюйдің баласы. Б.з.б. 31 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері ретінде Фучжулэй-жоди шаньюй лауазымын алады. "Жоди” қосымшасы “құрметтеуші” (императорды мойындаушы деген сөз) және егемендіктен бас тартқан дегенді білдіреді. Б.з.б. 25 ж. ол Қытай императорын мойындайтынын білдіру үшін император сарайына барып ант береді. Сөйтіп, ол да әкесі сияқты Қытай бодандығында ғұндарды биледі. Қайтыс болғаннан кейін таққа інісі Соусе-жоди отырды.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Фучжулэй
Әкесі
Хуханье
Ізашары
Хуханье
Ізбасары
Соусе
Қайтыс болуы
б.з.б. 20