Есмағамбет Мекеұлы
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Есмағамбет Мекеұлы (1894 – 1937) – ақын. Ескіше оқып, сауат ашқан Мекеұлы Маңғыстауда кеңес өкіметін орнатушылар қатарында өзінің өрелі жырларымен көзге түскен. Мекеұлы көптеген жиын-тойларда, салтанатты астарда айтыс пен жыр сайыстарына қатысқан. Оның:
«Ырзабек, Бурабек байларға» «Байбарақ байға» «Тауанға», т.б. өлеңдері қалың тыңдаушылар арасында ауыздан-ауызға жатталып, кеңінен таралған. Мекеұлының елді үлкен күйзеліске ұшыратқан 1927 жылғы «қоян» жұтына шығарған толғауы мен Тобаниязға арнау сөзі сақталған.