Shejire

Есік

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Алматы облысының картасы
Murat Karibay · CC0

Есік — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы қала, аудан және Есік қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы — Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км, Алматы қаласынан шығысқа қарай 43 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік баурайында, теңіз деңгейінен 935 — 1040 м биіктікте, Есік өзенінің ысырынды конусында орналасқан.

Халқы

Тарихы

Есік қаласының орнын адамдар өте ертеден мекендеген. Қаланың солтүстік жағында сақ мәдениетінің б.з.б. 5 — 4 ғасырлардағы аса көрнекті ескерткіші — Есік обасы орналасқан. 1854 жылы бұл көне қоныс орнында Надеждинская станицасы қаланды. 1923 жылдан ол Есік станицасы болып аталды. 1968 жылы қала статусын алды.

Есік өзенінің жағалаусы. Шілде 2023 жылы.
TakingOver · CC0

Кәсіпорындары

Қалада “Көктем”, “Есік шарап зауыты”, “Дионис”, “Елес”, “Фудмастер”, “Голд Продукт” сияқты ірі кәсіпорындар орналасқан. Одан басқа құрылыс, көлік, т.б. мекемелер мен шағын өндірістік кәсіпорындар бар.

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 9 мектеп, педагогикалық, медициналық, заң колледждері, біріккен қазақ-түрік лицейі, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, клуб, аудандық аурухана, емхана, дәріханалар, т.б. бар. Қаладан оңтүстікке қарай 14—15 км жердегі әсем тау шатқалында демалыс және туризм аймағы саналатын Есік көлі орналасқан. Сондай-ақ Түрген ауылында Түрген шатқалы, Түрген сарқырамасы да бар. Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі, яғни Алтын адам табылды. Оны 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.

Дереккөздер

Еңбекшіқазақ ауданы (герб)
Unknown authorUnknown author · Public domain

Málimetter

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Еңбекшіқазақ
Облысы
Алматы
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
41 348[1] адам (2023)
Телефон коды
+7 72775
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
43°20′36″ с. е. 77°27′51″ ш. б. / 43.34333° с. е. 77.46417° ш. б. / 43.34333; 77.46417 (G)&…