Shejire

Есенбай Сасанұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Есенбай Сасанұлы (1843 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы — 1925 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы) — ақын. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының қарауыл руынан шыққан. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында бүкіл Ақмола, Көкшетау, Торғай өңіріне есімі мәлім болған. Орынбай, Ақан серілермен бірге жүріп, өнер үйренген, тарбағатайлық Мыстанай ақынмен айтысқан. Суырып-салма ақындығымен қатар әншілік, күйшілік өнерімен де танылған. Ақынның, әсіресе, “Балазар” деген топтама жырларының көркемдік шоқтығы биік. Есенбайдың адам өмірінің кезеңдері, ел ынтымағы, қайырымдылық, баршылық пен жоқшылық, билік туралы өлең-жырлары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ұрпақтарының қолында сақтаулы.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı