Shejire

Елбай Қосымбайұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері. 1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.

Еңбектері мен шығармалары

Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі. Елбай ерші, етікші, өрімші, ою-өрнексалушы, құдықшы, шығыршы болған; безендіріп тамдар да салған. Ол кеңес өкіметін әділдік орнатушы деп қабылдап, өз шығармаларымен оның насихатшысы болды, тіпті В.И. Ленинге арнаған жырын өрнектеп мола қабырғасына жаздыртып қалдырған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Елбай Қосымбайұлы
Ұлты
қазақ
Қызметі
ақын, қолөнер шебері
Туған жері
Қабырға, Тұщыбек аймағы, Жыңғылды, Маңғыстау ауданы, Ресей империясы
Туған күні
1900 (1900)
Азаматтығы
 КСРО Ресей империясы
Қайтыс болған жері
Жыңғылды, Маңғыстау ауданы, РКФСР, КСРО
Қайтыс болған күні
1931 (1931)
Туған кездегі есімі
Елбай Қосымбайұлы